Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды
30.11.2020

Бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын қоқыстан құтқару аясында жасалған «Stop Musor» жобасы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Жобаға қатысушылар ішінен үздік идея авторалары анықталып, оларға ақшалай сыйлықтар табысталды. Жобаның мақсаты – жастардың бастамаларын қолдау мен инновациялық ынталандыру. Жобаға үшінші және төртінші курс студенттері қатысты. Байқауға қатысу өтінімдері 2020 жылдың 15 тамызы мен 10 қарашасы аралығында 3-4 курс студенттерінен «инновациялық жоба», «перспективалы жоба», «әлеуметтік маңызы бар жоба», «білім беру жобасы» номинациялар бойынша қабылданды.

ҚР Экологиялық ұйым қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов жобаның қоғам мен табиғат үшін пайдалы болғанын айтты. Оның пікірінше, жобаға атсалысқан әрбір студент Нұр-Сұлтан мен Алматының экологиясын жақсартуға үлес қосты.

«Stop Musor» аясында көптеген жұмыс тындырылды. Мегаполистерде экологиялық акциялар ұйымдастырылып, халықтың экологиялық сауатын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін нәтижесі шыққан экологиялық байқау да осы «Stop Musor» жобасының бір бөлшегі. Қатысқан студенттер өздеріне дейін және кейінгі қоғам өкілдерін экологиялық сауаттылыққа бейімдеуге атсалысты, - деді Е. Абақанов.

«Stop Musor» жобасының мақсаты – инновациялық қызметке тарту арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, олардың ерекше идеяларын іске асыру. Қазақстанның ірі қалаларын ластауға қарсы күрес бойынша неғұрлым перспективалы бастамаларды айқындап, оларды жүзеге асыру.

Барлық номинация бойынша 29 үздік идея іріктелді. Байқау ережесі бойынша қатысушы 60 секундтық видео түсіріп, арнайы сауалнамаға жауап жазып жіберу керек.

Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша әр номинация бойынша бір жеңімпаз іріктелді, олар 100 000 теңгеден ақшалай сыйлық алады.

Деректер көзі: strategy2050.kz

Поделиться:
Я люблю этот город
Меня скоро уберут