StopMusor: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр
25.02.2021

Елімізде StopMusor эко-науқаны шеңберінде экологияны жақсартуға арналған идеяларды талқылау үшін Eco-talks өтті, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

Бүгін Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы StopMusor эко-кампаниясы аясында экологияны жақсартуға бағытталған бастамаларды талқылау үшін онлайн форматта Eco-talks өткізді. Іс-шараны аталған қауымдастықтың басқарма төрайымы Айгүл Соловьева ашты. Ол StopMusor жобасы туралы айтты.

«Бұл – екінші Eco-talks шарасы. Біріншісі былтырғы қазанда Алматы қаласы тұрғындары үшін ұйымдастырылды. Ол кезде эколог мамандар, эко белсенділер, олардың қатарында танымал тележурналист Сергей Пономарев, дизайнер Құралай Нұрқәділова және тағы басқалар сөз сөйлеп, өз қаласының экология мәселелерін жақсарту бойынша пікірлерімен әрі сәтті іске асқан оқиғаларымен бөлісті. Бұл шара қоғамға осындай талқылаулар қажет екенін, қызығушылық бар екенін көрсетті. Stop Musor жобасы халық сауаты мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Өкінішке қарай, қоғамдық орындарда тұрмыстық қалдықтарды, мысалы түрлі зат қапшықтары, стақандар, пластик бөтелкелер, темекі тұқылдары және тағы басқасын жиі көреміз. Әрине біздің барлығымызды тұрғын ретінде өзіміз жүріп-тұратын ортаның ластануы мазалайды. Қоқыс қалаларды ластап, қоқсытып қана қоймай, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұнымен бірге салдарынан көптеген қоқыс орны пайда болады. Олар рұқсат етілмеген жерлерде жаппай көбейіп кетеді. Бұларды өртейтіндер де бар, ал ол жерді ғана емес, адамдар демалатын атмосфералық ауаны да одан әрі ластайды. Ал біз осы бағытта белсенді жұмыс атқарамыз. Нақтыласақ, азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеу мен осы салада сауатын арттырумен айналысамыз», – деді Соловьева.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы басшысының айтуынша, жобаның негізгі серіктестері – экология министрлігі, астана және Алматы әкімдіктері, «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы. Қауымдастық жоба басталғалы онлайн сауалнамалар, басқа да экологиялық шаралар, акциялар әрі жастар конкурстарын ұйымдастырған. Сонымен қатар www.stopmusor.kz арнайы сайты мен мобильді қосымшасы әзірленіп, іске қосылған. Әлеуметтік желілерде жоба парақшалары да ашылған. Кез келген азамат осылардан жобаны іске асыру барысы жайлы ақпарат тауып, түрлі іс-шараларға да қатыса алады. Тұрғындарға мобильді қосымша арқылы өз қаласындағы рұқсат етілмеген жердегі қоқысқа шағымдануға болады. Барлық шағым және мәлімет ecokarta.kz сайтына жолданып, олар бойынша қауымдастық мамандары жұмыс жасайды.

Eco-talks барысында журналист, тележүргізуші Айгүл Мүкей еліміздегі өзекті экологиялық мәселелер әрі оларды шешуге қалай үлес қосатыны жайлы ойымен бөлісті. Ол өзінің экологияға зияны жоқ заттар пайдаланып, тұтынуға тырысатынын атап өтті. Бір рет қолданылатын өнімдерден бас тартқанын жеткізді. Басқаларды да осыған шақырды.

Ал экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева ведомствоның халыққа эко-мәдениетті оқыту бағытында жүргізіп жатқан жұмысы жайында баяндады. Ол азаматтарды қоқысты тиісті жәшігіне бөліп, сұрыптап салуға шақырды.

BTSDigital білім беру жобасы, «Қазақстанның жаңа кәсіптер атласы» жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек экология бағытында білім беруді қалай дамыту керектігі мен ел үшін бұл неліктен маңызды екенін атап көрсетті.

Clean City NC ЖШС-тің қоғаммен байланыс менеджері Бақытжамал Әубәкірова қалдықтарды басқару жүйесінің жұмысы әрі елордада қоқысты бөлек жинау пилоттық жобасының қалай іске асып жатқанын тілге тиек етті.

Biopack.kz әлеуметтік кәсіпорнының негізін қалаушы Мирас Аббасов экология саласындағы бизнес мүмкіндіктер, жоба қандай нәтижелерге қол жеткізгенін, ол қалалардағы қоқыс мәселесін шешуге қалай әсер ететінін толық айтты.

Источник: qaz.dalainform.kz

Поделиться:
А какой мог бы быть вид!
Надо рассказать об этом пакету!