29 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында қазіргі заманғы қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменова пайдаланылған полиэтилен пакеттерден арт-нысан жасайды.
Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін 2020 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтарынан полиэтилен пакеттерін жинауды ұйымдастырған. Акция қаланың үш паркінде күні бойы өткізіліп, нәтижесінде 4000-нан астам пакет жиналған.
Қосымша эко-бокстар ZETA дүкендерінде орнатылып, шамамен 1 500 пакет жиналды.
Бұл акция "StopMusor" әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды, сондай-ақ халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күніне орайластырылған.
Сәуле Сүлейменованың айтуынша, ол әр тұрғынның үйіндегі "пакеттегі пакет" мәселесін шешу мақсатында полиэтилен пакеттермен жұмыс істей бастаған. Және де Сәуле Сүлейменова осы бағытта жұмыс істейтін суретшілердің бірі. Пакеттерден өнер туындысын жасай отырып, ол азаматтарды экологиялық мәселелер туралы ойлануға және пластиктен барынша бас тартуға шақырады.
Картина жасау "Жетісу" қалалық саябағының "Шарын шатқалы" тауының алдында өтеді.
Бұл жұмыс адамдар, қала және дала туралы. Бұл жұмыс жақында ғана елорданың аудандарының біріне айналған ауыл туралы. Бұл жұмыс далада ғана көруге болатын шексіз аспан туралы. Мынау қиын уақытта адамдар жанына үміт сыйлайтын аспан туралы. Қоқыс біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мен түрлі түсті түстерді анық беру үшін түрлі түсті полиэтилен пакеттерін қолданамын. Мен боямаймын, салмаймын, пакеттерді тек түсі мен реңктеріне қарай таңдаймын, барлық түстерді осы пластикалық қоқыстардан табуға болады, - дейді суретші.
Айта кетейік, StopMusor жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
Деректер көзі: baq.kz