"STOP MUSOR": ӨНЕР ТУЫНДЫСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
29.07.2020

Өткенде хлықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында "StopMusor" әлеуметтік жобасы аясында акция ұйымдастырылғаны туралы жазған едік. Сол жазбада: «Акцияның қорытындысы ретінде жиналған  полиэтилен пакеттерінен қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменова Елордадағы «Жетісу саябағының» «Шарын шатқалы» көрінісінің алдында арт-нысан жасайды», – деп оқырмандарды хабарландырғанбыз. Міне, 29 шілде күні сол жұмыстың нәтижесі көпшілікке таныстырылды.

Акция қаланың үш паркінде 1 және 3-ші  шілде күндері күні бойы өткізіліп, нәтижесінде  4000-нан астам пакет, қосымша эко-бокстар ZETA дүкендеріне орнатылып, шамамен 1500 пакет жиналыпты. Сәуле Сүлейменова сол пакеттердің пайдаланып, көлемі 5*3 метр болатын көркем картина құрастырып шықты.

«StopMusor»  жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды  кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Бұл жұмыс мынау  қиын уақытта адамдар жанына үміт  сыйлайтынына сенемін. Қоқыс біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мен түрлі түсті түстерді анық беру үшін түрлі түсті полиэтилен пакеттерін қолданамын. Мен боямаймын, салмаймын, пакеттерді тек түсі мен реңіне қарай таңдаймын, барлық түстерді осы пластикалық қоқыстардан табуға болады, – дейді суретші картинаның ашылу салтанатында.

 Сәуле Сүлейменова осы бағытта жұмыс істейтін суретшілердің бірі. Пакеттерден өнер туындысын жасай отырып, ол азаматтарды экологиялық мәселелер туралы ойлануға және пластиктен барынша бас тартуға шақырады. Ең бастысы, Нұр-Сұлтан қаласының шырайын кіргізіп, жетісулықтар үшін мақтаныш сезімін оятатын «Жетісу саябағы» тағы да бір өнер туындысымен толықты. Ашық аспан астындағы бұл картина енді ары-бері өткен жолаушылар мен саябаққа арнайы келген қонақтардың көз қуанышына айналары анық. Сонымен бірге адамдарға қоршаған ортаны қорғау мен экологияны сақтаудың қажеттілігін ұғындыра бермек.

Деректер көзі: 7-su.kz

Поделиться:
Я люблю этот город
Эх, в урне бы полежать..